Documentolog Platform қызметінде жұмысты неден бастау керек?
Documentolog Platform - жалпы, кадрлық, қаржылық және басқа құжаттармен жұмыс істеуді қамтитын электрондық құжат айналымы және бизнес-процестерді автоматтандырудың толық BPM-жүйесі.
3 минуты
12.09.2023
255
Жалпы, кадрлық, қаржылық және басқа құжаттармен жұмыс істеуді қамтитын электрондық құжат айналымы және бизнес-процестерді автоматтандырудың толыққанды BPM жүйесі.
Documentolog Platform жүйесі барлық жұмысын цифрлық форматқа аударғысы келетін компаниялар үшін өте қолайлы, сонымен қатар кәсіпорынның нақты міндеттері үшін жеке процестер мен құжат түрлерін теңшей алады.
Documentolog Platform жүйесін қалай қосуға болады? Жұмыстың негізгі кезеңдері:
1. Өтінімді documentolog.com сайтында қалдырыңыз.
2. Сізге барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін және Сіздің талаптарыңыз үшін ең қолайлы шешімді табуға көмектесетін Documentolog қолдау маманы хабарласады. Сондай-ақ, сату тобымен презентация күні мен уақытын белгілеуге болады.
3. Егер Сізге стандартты емес жаңа процестерді әзірлеу немесе біздің конфигурациямызды Сіздің талаптарыңызға сай нақтылау қажет болса, сауалнаманы толтыру немесе техникалық тапсырманы дайындау қажет болады.
4. Презентациядан кейін шарт жасасу басталады. Осы кезеңде шарт, енгізу мерзімі, техникалық ерекшелік және басқа да сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі.
5. Шартқа қол қойылғаннан кейін Сіздің компанияңызда жүйені енгізу кезеңі басталады. Бұл кезең таңдалған конфигурацияның күрделілігіне байланысты 1 аптадан 1 айға дейін созылады.
6. Жүйені енгізу аяқталғаннан кейін біздің менеджер Сіздің қызметкерлеріңізді Documentolog жүйесінде жұмыс істеуге үйретеді.
Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Сіздің компанияңыздың барлық қызметкерлеріне жүйе интерфейсінде пайдаланушының жеке кабинеті қолжетімді болады. Сіз Жеке кабинетте өтінімдерді қалдыра аласыз және ол арқылы кеңес сұрай аласыз.
Сондай-ақ, Documentolog жүйесіне көшу компания мен қызметкерлердің жұмысына қалай әсер еткені туралы біздің клиенттеріміздің пікірлерімен танысуды ұсынамыз - https://documentolog.com/feedback
Егер Сізде жүйеде жұмыс істеу туралы сұрақтарыңыз болса, Қолдау орталығына өтіңіз.
Поделитесь ссылкой в социальных сетях:
Читайте еще
Как быстро начать работу в ЭДО
Начать работу в системе Documentolog очень просто: следуйте нескольким простым шагам, чтобы перейти на ЭДО в кратчайшие сроки.
Как внедрить ЭДО в компании и не сойти с ума
Расскажем, как грамотно внедрить ЭДО в компании и избежать стресса.
Кому и зачем нужен электронный документооборот
Ответили на самые популярные вопросы про электронный документооборот.