Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Documentolog жүйесінде "Құжатты алушыда бақылау" функциясы іске асырылды

Documentolog жүйесінде контрагентте құжаттың орындалуын бақылауды жеңілдету үшін біз "Құжатты алушыда бақылау" қосымша функциясын іске асырдық
3 мин.
06.04.2022
2129
Гүлзат ТемірбаеваDigital маркетолог
Documentolog жүйесінде контрагентте құжаттың орындалуын бақылауды жеңілдету үшін біз "Құжатты алушыда бақылау" қосымша функциясын іске асырдық.

Функция қалай жұмыс істейді?

Енді шығыс құжатты жібергенде "Құжат туралы хабарламаны бақылау" опциясын қосуға болады. Осыдан кейін, контрагенттің құжатпен жасаған әрбір әрекеті бойынша, Documentolog жүйесіне тіркелген электрондық поштаңызға хабарламалар аласыз. Мысалы, құжатты контрагент алған кезде, жеткізу туралы хабарлама аласыз, кейінірек - тіркеу туралы және т.б.

Осылайша, құжаттың қашан және кіммен тіркелгенін, орындалуға берілгенін және орындалғанын әрдайым біліп отырасыз. Бұл үшін жүйеге үнемі кіріп, құжаттың орындалу мәртебесін тексерудің қажеті жоқ.

Хабарламаларды тек құжат авторы ғана емес, сонымен қатар қол қоюшы немесе келісуші тұлға да ала алады. Қажет болса, басқа құжаттар үшін де функцияны баптауға және автоматты түрде хабарламалар алуға болады. Бұл үшін Documentolog мамандарына жүгіну қажет.

Жақын арада функция Documentolog барлық клиенттеріне қолжетімді болады.

Көрнекілік үшін біз функцияның қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі көрсететін бейне жаздық ?


Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: