Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

«Қырғыз почтасы» МКК-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды!

21-22 маусымда Бішкек қаласында цифрландыру саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелері бойынша қазақстандық және қырғыз компанияларымен жұмыс кездесуі өтті. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев басқарды. Кездесу барысында Қазақстаннан келген 29 компания Қырғызстан өкілдеріне 80-нен астам IT-шешімдерін ұсынды.

3 мин.

24.06.2018

932

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

21-22 маусымда Бішкек қаласында цифрландыру саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелері бойынша қазақстандық және қырғыз компанияларымен жұмыс кездесуі өтті. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев басқарды.

Кездесу барысында Қазақстаннан келген 29 компания Қырғызстан өкілдеріне 80-нен астам IT-шешімдерін ұсынды.

Бұл іс-шараға қатысу біздің компания үшін өте жемісті болды. Кездесу барысында «Documentolog» ЖШС мен «Қырғыз Почтасы» МКК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оған сәйкес Documentolog СЭД енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл біздің халықаралық деңгейде жүзеге асыратын алғашқы жобамыз. Documentolog командасы бұл жоба қазақстандық бағдарламалық өнімнің әлемдік нарықтарға сәтті шығуына бастама болады деп үміттенеді!

https://ca-news.org/news:1456071

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: