Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Documentolog Аванстар
IT мамандықтары бойынша оқитын 5 дарынды студент 10 ай бойы Documentolog компаниясынан 30 мың теңге көлемінде стипендия алады.
3 мин.
16.10.2018
1182
«Ай сайынғы стипендиялар» байқауының жеңімпаздары анықталды!
10 қазан күні сағат 14.30-да «Ай сайынғы стипендиялар» бағдарламасына өтінім берген анкеталарды қарастыру бойынша комиссия отырысы өтті. Documentolog компаниясы стипендиялық бағдарламаның демеушілерінің бірі болды.
Documentolog компаниясының негізгі мақсаты - әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қолдау және IT саласының мамандарының әлеуетін арттыру. Осыған байланысты байқауға «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару» сияқты мамандықтар бойынша оқитын студенттер қатысты.
Бұл байқау республикалық деңгейде өтті және оған елдің барлық аймақтарынан студенттер қатыса алды.
Комиссия құрамына кіргендер:
1. Әбенов Мұрат Абдуламитович – Комиссия төрағасы, Ұлттық білім және инновациялар палатасының төрағасы.
2. Махметов Айдар Әлімжанович – «Болашақ» түлектер қауымдастығы кеңесінің мүшесі
3. Хлынова Анна Михайловна - «Silkway Ventures Group» ЖШС-нің HR менеджері.
4. Қанафин Байжан Болатбекович – «Documentolog» ЖШС-нің бас директоры
5. Ерғалиева Диляра Талғатқызы – «Documentolog» ЖШС-нің HR менеджері
Стипендия алу үшін жалпы 67 анкета берілді, олардың ішінен 5 финалист «Documentolog» ЖШС-нен стипендия алады:
1. Ерғали Азамат Сағынтайұлы – Қазақстан-Британ техникалық университеті, ақпараттық жүйелер
2. Избасаров Тлеушер Аскарович - Қазақстан-Британ техникалық университеті, ақпараттық жүйелер
3. Тоқтасын Абылай Бауржанұлы – Назарбаев Университеті, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
4. Халибек Перизат Қалибекқызы – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ақпараттық жүйелер
5. Нағметулла Темірлан Еділұлы - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, студенттер өздері таңдаған мамандықтар бойынша тамаша үлгерім көрсетті, түрлі қоғамдық және білім беру жобаларына қатысты, және біз студенттердің болашақта өз ісінің кәсіби мамандары болып, қоғамға пайда әкелетініне сенеміз!
Жеңімпаздар әрі қарайғы нұсқаулармен Taiburyl.kz сайтында таныса алады
Барлық қатысушыларға белсенділік үшін алғыс айтамыз!


Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
Documentolog атауы мен фирмалық стилі пайдаланылған фишингтік хаттардың таралу жағдайлары анықталды
Мұндай хаттарда қол қоюды күтіп тұрған құжат туралы ақпарат болуы мүмкін. Хаттағы сілтеме бөгде ресурсқа апарады, онда құжаттарды көруге арналған авторизациялау беті орналасқан.
Documentolog и Xinjiang CA: взаимное признание ЭЦП Казахстана и Китая
В Урумчи подписан меморандум о взаимном признании электронных подписей Казахстана и Китая: контракты, таможенные документы и коммерческие справки без курьеров.
Утечка данных: почему журнал доступа не находит виновного
Документ открывали одиннадцать человек, все правомерно, и утёкшая копия ничем не отличается от остальных. Что меняет маркировка и как по файлу находят фамилию.