Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) «электрондық құжат айналымы нарығын заңсыз бұғаттау» және «Documentolog» ЖШС-ні электрондық құжат айналымы нарығында үстем субъект деп тану туралы баспасөз хабарламасын таратты. Біз бұл тұжырымдардың бұрмаланғанын және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеуді қажет деп санаймыз.
2 мин.
21.08.2025
1949

Қоғам 2007 жылдан бері Қазақстанның электрондық құжат айналымы нарығында жұмыс істеп келеді. 2016 жылы компания өз қаражаты есебінен жеке заңды тұлғалардың арасында электрондық хат алмасуды ұйымдастыруға арналған инновациялық шешім – КЦОЭД-ті әзірледі. КЦОЭД арқылы хат алмасуға барлық нарық қатысушылары тең жағдайда қол жеткізді. Бұл жұмыс үлгісі өзге жүйелердің қызметін шектемеді және кәсіпкерлік заңнамасының нормаларына сәйкес болды. Ұйымдар арасындағы электрондық хат алмасуды ұйымдастыру қызметінің өзі 2025 жылға дейін ешбір нормативтік-құқықтық актімен реттелмеген. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңның 24-бабына «электрондық құжаттарды адресатқа жеткізбеуді жүйенің бағдарламалық және (немесе) техникалық құралдарын бұғаттау арқылы жүзеге асыруға тыйым салу» нормасы тек 2024 жылғы 5 шілдеде қабылданған ҚР Заңы №115-VIII арқылы енгізіліп, 2025 жылғы 7 қаңтарда күшіне енді. Сондықтан «көп жылдар бойы бұғаттау қолданылып келді» деген мәлімдемелердің ешқандай құқықтық негізі жоқ.
БҚДА өз баспасөз хабарламасында нарықты талдау жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша Қоғамды 2021–2024 жылдар аралығында нарықтың үстем субъектісі деп танығанын хабарлады. Қоғам БҚДА-ның құжаттарымен және дәлелдерімен танысып шықты және 2025 жылғы қаңтарда БҚДА жүргізген бәсекелестікке талдау заңсыз деп санайды, себебі ол көптеген рәсімдік және әдістемелік нормаларды бұза отырып жасалған. Осыған байланысты «Documentolog» ЖШС сотқа талап арыз берді, қазіргі уақытта сот ісі жалғасуда. Бірінші сатыдағы сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. «Documentolog» ЖШС апелляциялық шағым беру процесінде және апелляциялық сатыдағы сот заңдылықты қалпына келтіреді деп сенімді. Бұдан бөлек, БҚДА «Documentolog» ЖШС-не қатысты тергеуді тоқтатты, бұл туралы компанияға 2025 жылғы тамыз айында жолданған қаулы куәлік етеді.
Осыған байланысты БҚДА сот шешімі заңды күшіне енбей жатып, «бұзушылықтар» туралы жария мәлімдемелер тарату арқылы заңдылық принципін бұзды. Мұндай әрекеттер тек мерзімінен бұрын ғана емес, заңнамаға қайшы келеді, сотқа қысым жасайды және «Documentolog» ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.
Компания 2025 жылғы 25 тамызда сағат 11:00-де Алматы қаласында, «Гранд отель Тянь-Шань», «Алматы» залы, 2-қабат, Бөгенбай батыр даңғылы, 115 мекенжайында ашық баспасөз конференциясын өткізеді. Біз бұқаралық ақпарат құралдарына, клиенттерімізге және серіктестерімізге ағымдағы жағдай бойынша толық ақпарат пен түсініктемелер береміз.
Documentolog-тың барлық сервистері тұрақты түрде жұмыс істеп, мемлекетке, бизнеске және азаматтарға үздіксіз құжат айналымын қамтамасыз етіп отыр.
Шығарылымдар
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
d8n.ai официально доступен клиентам Documentolog
Сегодня мы запускаем новый этап развития экосистемы Documentolog — d8n.ai стал официально доступен для наших клиентов. И это не просто новая функция — это новый уровень работы с документами, задачами и коммуникациями.
2026 жылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту: Қазақстан жұмыс берушілеріне не білу маңызды
2026 жылы Қазақстанда еңбек заңнамасының сақталуын бақылау күшейтіледі. Реттеудің негізгі құралдарының бірі — Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ), ол enbek.kz платформасында жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар қатаң әкімшілендіруге көшуде: 2026 жылғы наурыздан бастап еңбек шарттары туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ге енгізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл жұмыс берушілерге айыппұлдар мен құқықтық тәуекелдерге жол бермеу үшін кадрлық құжаттарды тіркеу және есепке алу процестерін алдын ала дұрыс жолға қою қажет екенін білдіреді.
Documentolog пен Контур.Диадок Қазақстан мен Ресей арасындағы заңды күші бар трансшекаралық электрондық құжат айналымын іске қосты
Documentolog электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Ресейдегі ең ірі электрондық құжат айналымы платформаларының бірі — Контур.Диадок-пен интеграцияны іске қосуда. Жаңа функционал Қазақстан және Ресей компанияларына құжаттармен алмасуға және өз елдерінің электрондық қолтаңбасымен толық заңды күші бар түрде қол қоюға мүмкіндік береді. Бұл интеграция нарықтағы маңызды мәселені шешеді — Қазақстан мен Ресей арасында заңды әрі ыңғайлы трансшекаралық электрондық құжат айналымының болмауы.
24.02.2026 23:46
👋 Здравствуйте! Я Ai.Sulu, ИИ-ассистент Documentolog. Помогу подключиться к тарифу, разобраться в возможностях платформы или автоматизировать процессы. Что вас интересует?