Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Біз Documentolog ЭДЖ-ін 7.3 нұсқасына дейін жаңарттық

Documentolog ЭДЖ-і 7.3 нұсқасына дейін жаңартылды Жаңа нұсқада құжаттармен жұмыс істеу функционалы оңтайландырылды, Documentolog мобильді қосымшасы жақсартылды
3 мин.
22.01.2019
1197
Гүлзат ТемірбаеваDigital маркетолог
"

Біз Documentolog ЭДЖ-ін 7.3 нұсқасына дейін жаңарттық

Сіздермен релиздің негізгі жаңалықтарымен бөлісеміз:

  • Құжаттарға қолжетімділік журналының сүзгілері оңтайландырылды. Журналда құжаттарды іздеу кезінде құжаттарды жылдам іздеу өрістері жасалды. Енді бір сұрау арқылы деректерді алуға болады және бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Жүйе PHP-тің жаңа нұсқаларын қолдайды.
  • Әрбір пайдаланушыға шешімдер бойынша қолжетімділікті баптау қосылды. Лицензиялау кезінде әрбір шешімге пайдаланушылар саны ескеріледі.
  • ЭЦҚ-ны құжаттан құжатқа WS қолданбай жазу мүмкіндігі қосылды.
  • «Тізім» түрі жасалды, ол анықтамалық жазбалар тізімін (құжат түрі) синхрондау өрістерімен қайтарады. Бұл функционал басқа жүйелермен интеграцияны дамытады.
  • Кадрлық саясат бойынша функционал жақсартылды. Веб-сервистер әдістерімен жүзеге асырылды:

            - Жұмыстан шығару

            - Ұзақ мерзімді демалыс

            - Жаңа лауазымға ауысу кезінде

  • Анықтамалықта әртүрлі пайдаланушыларға байланысты әртүрлі баспа үлгілерімен бірнеше карточкалар жасау мүмкіндігі қосылды.
  • Пайдаланушы журналдарын әкімші арқылы журналдау жүзеге асырылды.
  • Пайдаланушылар кездейсоқ жасалған құжаттарды жоя алатын Пайдаланушы себеті жасалды. Мұндай құжаттарға тек жасалған, бірақ басқа құжаттармен бизнес-процестерге қатыспаған құжаттар жатады.
  • iOS платформасындағы қосымшаларда ЕСЭДО форматындағы қолтаңба қосылды.
  • iOS үшін нативті қосымша жетілдірілді. Ол құжаттармен жұмыс істеуді жеделдетіп, тиімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
"
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: