Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Documentolog Аванстар
Астана және астаналық агломерацияның тұрақты даму кеңесінің I отырысында «Documentolog» ЖШС-нің Бас директоры, Канафин Байжан Болатбекұлы, «Астана тұрғынының өтініштерінің электрондық порталы Documentolog» жобасын таныстырды.
3 мин.
08.02.2017
1072
8 ақпанда Тәуелсіздік Сарайында Астана және Астаналық агломерацияның тұрақты даму кеңесінің бірінші отырысы өтті, оған қала әкімі Исекешев Асет Орентаевич қатысты. Отырыста қаланың даму басымдықтары мен бағыттары, Мемлекет басшысының "Модернизация 3.0" Жолдауының практикалық іске асырылуы тұрғысынан даму бағдарламасын жаңарту мәселелері талқыланды.
Отырыстың алдында әкімге қаланың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған 14 басым жоба таныстырылды, олардың қатарына «Астана тұрғынының өтініштерінің электрондық порталы Documentolog» жобасы кірді. Жобаны «Documentolog» ЖШС-нің Бас директоры Канафин Байжан Болатбекұлы таныстырды.
Жобаның мақсаты - астаналықтардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін жедел шешу, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау механизмін құру және халық пен жергілікті билік арасындағы байланысты жақсарту. Сондай-ақ, жоба Астана қаласының мемлекеттік атқарушы органдарының қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етіп, оларға деген азаматтардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған.
«Канафин Байжан Болатбекұлының жобасы - Documentolog таныстырылды. Бұл қызықты жоба, ол бюрократияның 70%-ға дейін жояды. Асет Орентаевичтің негізгі міндеті - жаһандық қала аясында smart Астананы құру және бюрократияны жою, мемлекеттік қызметтерді тұрғындар ешқандай кедергісіз алуы үшін барлық шараларды қабылдау. Бұл жоба - сол құралдардың бірі.», - деп мәлімдеді отырыстың ұйымдастырушыларының бірі Талғат Абдижаппаров (мәтін түпнұсқа түрінде берілген).
Барлық ұсынылған жобалар Астана қаласының даму жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен қаралып, жүзеге асырылатын болады.
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
Documentolog атауы мен фирмалық стилі пайдаланылған фишингтік хаттардың таралу жағдайлары анықталды
Мұндай хаттарда қол қоюды күтіп тұрған құжат туралы ақпарат болуы мүмкін. Хаттағы сілтеме бөгде ресурсқа апарады, онда құжаттарды көруге арналған авторизациялау беті орналасқан.
Documentolog и Xinjiang CA: взаимное признание ЭЦП Казахстана и Китая
В Урумчи подписан меморандум о взаимном признании электронных подписей Казахстана и Китая: контракты, таможенные документы и коммерческие справки без курьеров.
Утечка данных: почему журнал доступа не находит виновного
Документ открывали одиннадцать человек, все правомерно, и утёкшая копия ничем не отличается от остальных. Что меняет маркировка и как по файлу находят фамилию.