Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Documentolog Аванстар
Біз кеңейіп жатырмыз және жаңа қызметкерлер қажет. Сондықтан Documentolog командасына жауапты және шығармашылық мамандарды іздейміз.
3 мин.
24.11.2020
1055
Біз кеңейіп жатырмыз және жаңа қызметкерлер қажет. Сондықтан Documentolog командасына жауапты және шығармашылық мамандарды іздейміз.
Компанияда ашық вакансиялар:
Жоба менеджері (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында).
? Менеджерлердің міндеттері:
- Компания өнімдерін таныстыру;
- Жүйелерді әзірлеу жобаларын жүргізу;
- Техникалық құжаттаманы әзірлеу;
- Клиенттермен байланыс (өнімдер бойынша кеңес беру, коммерциялық ұсыныстар беру, келісімшарттар жасау, жүйеде жұмыс істеуді үйрету, қосымша жұмыстар/қызметтерді сатып алу мәселелерін қарастыру).
? Қандай дағдылар қажет?
- СЭД қолдану және енгізу әдістемесі мен тәжірибесін білу;
- Ақпараттық жүйелерді құру саласында жалпы түсініктер (ERP, CRM, BI);
- Өз ойларын ауызша және жазбаша анық жеткізе білу;
- Жауапкершілік, коммуникабельділік, аналитикалық қабілеттер.
1-санатты жүйелік әкімші.
? Жүйелік әкімшілердің міндеттері:
- Серверлердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және мониторинг;
- Бұлт және кеңсе желісінің үздіксіз жұмысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Documentolog жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету.
? Қандай талаптар қоямыз?
- Docker, Docker-compose, kubernetes тамаша білу;
- Apache/NGINX/PHP-FPM/POSTGRESQL білу;
- Linux әкімшілігі;
- Жергілікті есептеу желісінің негіздері;
- Docker бағдарламалық қамтамасыз етуді әкімшілендіру негіздері;
- Bash-скрипттер жазу;
- Серверлер мен компьютерлерді (оргтехника) таңдау кезінде сипаттамаларды түсіну.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және қолдау маманы (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында).
? Міндеттері:
- Documentolog жүйесіндегі конфигурациялық қателерді анықтау және жою;
- Клиенттерде Documentolog жүйесін енгізу (анықтамалықтарды толтыру, бизнес-процестерді баптау);
- Workflow бойынша бизнес-процестер құру;
- Клиенттерде Documentolog жүйесінің релиздерін жаңарту.
? Қандай дағдылар қажет?
- Linux негізгі білімдері;
- Іс жүргізу негіздерін білу;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және ақпараттық жүйелердің жұмыс принциптерін түсіну;
- Өз ойларын жазбаша және ауызша сауатты және қысқа жеткізе білу;
- Коммуникабельділік, стресске төзімділік, бастамашылдық.
? Артықшылықтар:
- Linux/Centos ОС жұмысын білу;
- BPMN білу;
- ҚР ақпараттандыру, іс жүргізу заңдарын білу;
- PostgreSQL ДБ жұмыс тәжірибесі мен білімдері;
- JavaScript жазу білу;
✅ Біз не ұсынамыз:
- Ресми жұмысқа орналастыру;
- Сіздің қабілеттеріңіз бен жалпы іске қосқан үлесіңізге сәйкес сыйақы;
- Компания ішінде мансаптық өсу перспективасы;
- Сізге қызықты салада үздіксіз дамуға мүмкіндік беру арқылы тұрақты оқыту;
- Достық ұжым;
- Әлеуметтік пакет;
- Coffee & playroom және тағы басқалар.
Егер сіз біздің ұжымның бір бөлігі болғыңыз келсе, өсуге және дамуға дайын болсаңыз, резюмеңізді info@documentolog.com мекенжайына жіберіңіз немесе біздің сайттағы "Вакансиялар" бөлімінде өтінім қалдырыңыз,.
? Жауапты және шығармашылық жігіттерді командаға күтеміз?
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
Documentolog атауы мен фирмалық стилі пайдаланылған фишингтік хаттардың таралу жағдайлары анықталды
Мұндай хаттарда қол қоюды күтіп тұрған құжат туралы ақпарат болуы мүмкін. Хаттағы сілтеме бөгде ресурсқа апарады, онда құжаттарды көруге арналған авторизациялау беті орналасқан.
Documentolog и Xinjiang CA: взаимное признание ЭЦП Казахстана и Китая
В Урумчи подписан меморандум о взаимном признании электронных подписей Казахстана и Китая: контракты, таможенные документы и коммерческие справки без курьеров.
Утечка данных: почему журнал доступа не находит виновного
Документ открывали одиннадцать человек, все правомерно, и утёкшая копия ничем не отличается от остальных. Что меняет маркировка и как по файлу находят фамилию.