Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Documentolog: Феномен

Дағдарыс және девальвация Қазақстанның IT саласына өте ауыр соққы берді. Және бұл тек «өте ауыр» емес – прецедентсіз ауыр – бәлкім, Қазақстанның тәуелсіздік алған кезінен бері, сала мұндай соққыны «көтеруге» мәжбүр болған емес.

3 мин.

24.09.2016

962

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Шайқас алаңынан келгендей жаңалықтар: «Сервер нарығы 44%-ға құлдырады», «Қазақстандағы жеке компьютерлер нарығы 55%-ға төмендеді». Бұл теріс трендтің соңы көрінбейтіндей. Көптен күткен ИТ нарығының тұрақтануы туралы болжаулар әлі де орындала қойған жоқ. Біз бұл сандарды бекер келтіріп отырған жоқпыз. Қазақстанның ИТ нарығы пессимизмде болғанымен, нарық ұсынған сын-тегеуріндерге лайықты жауап беріп қана қоймай, осындай қиын жағдайда да табысты дамып жатқан компаниялар бар.

ИТ саласындағы ең басты құндылық – бұл сараптамалық біліктілік

Әлемдік экономикада орын алған жаңа жағдайларда («жаңа қалыпты өмір»), тіпті бұрын жоғары маржалық салаларда да, мысалы, жер қойнауын пайдалану саласында, бизнестің маржалық деңгейінің төмендеуімен сипатталатын жағдайда, цифрлық трансформация құтқарушы шешім бола алады.

Дегенмен, табысқа жету тек бір жағдайда ғана мүмкін – егер ИТ-жобаны орындаушы оны жүзеге асыруға жеткілікті құзыретке ие болса. Яғни, тапсырыс беруші серіктесті таңдағанда мына сұрақтарды басымдыққа алуы тиіс: жобаның құны, орындаушының қажетті құзыретке ие болуы, сәтті орындалған жобалардың саны, жобаны енгізу жылдамдығы және оның тапсырыс берушінің талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні. Әйтпесе, тапсырыс беруші табысты оқиғаның орнына сәтсіздікке ұшыраған жобаны алады.

Қазақстанда осы талаптарға жауап бере алатын компаниялар бар ма? Әрине, бар. Солардың бірі – электрондық құжат айналымы жүйесі Documentolog-ты әзірлеген Newinttech компаниясы.

Сандар алдамайды – 100% сәтті енгізу

Қазақстандық электрондық құжат айналымы жүйесі Documentolog-ты әзірлеуші Newinttech компаниясының жағдайы жақсы екендігін ең әділ көрсеткіш – сандар айқындайды. Қазақстанның жетекші ИТ-компанияларының RAEX («Эксперт РА Казахстан») рейтінгісінде Newinttech 2014 жылы 317 млн теңге табыспен жетінші орын алды. 2015 жылы компания рейтингте екі саты жоғарылап, 436 млн теңге табысқа қол жеткізді. Бүгінгі таңда Documentolog жүйесі Қазақстанның корпоративтік нарығының шамамен 30%-ын қамтып отыр, бұл қазақстандық ИТ нарығы үшін үлкен жетістік. Клиенттер қатарында ел экономикасының жетекші компаниялары бар: «НУХ «Бәйтерек» АҚ, «НАК Казатомпром» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», «НИХ Зерде» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, ҚР Президенті іс басқармасы және т.б. Documentolog жүйесін күн сайын Қазақстанның 120 компаниясында 30 000-нан астам пайдаланушы қолданады. Бұл қазақстандық бағдарламалық өнімдер арасында теңдессіз «жетістік тарихы» екені сөзсіз.

100% сәтті енгізу

Newinttech компаниясы Documentolog жүйесін 100% сәтті енгізумен мақтанады. «Біз тапсырыспен әзірлеуге шашылмаймыз, өз ісімізді жақсы білеміз, өніміміз функционалдық жағынан бай, интерфейсі интуитивті, тіпті дайындықсыз пайдаланушыға да оңай игеріледі», - дейді «Newinttech» ЖШС технологиялар жөніндегі бас директордың орынбасары Ернат Асанов. «Біздің барлық енгізулеріміз ашық қолжетімділікте, компания сайтында (Documentolog.kz – ред.ескерт.). Онда біздің кәсібилігімізді растайтын толыққанды және егжей-тегжейлі құжаттар бар», - деп нақтылайды ол.

...

Құжат алмасу орталығы

Компания биыл жаңа бірегей жобаны іске қосады – Қазақстандық электрондық құжат алмасу орталығы (ҚЭҚАО). Бұл орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның әлеуетін барынша тиімді пайдалану арқылы сыртқы құжат айналымының шығындарын едәуір азайтуды көздейді. Жоба аясында Documentolog клиенттеріне ҚЭҚАО-ға тегін интеграция жасау ұсынылады, осылайша олар өз контрагенттерімен электрондық форматта өзара әрекеттесе алады. «Біз құжат алмасу уақытын бірнеше күннен екі минутқа дейін қысқартуды ұсынамыз. Оның экономикалық тиімділігін елестетіп көріңізші? Егер компания ірі болса – бұл ондаған миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», - дейді Ернат Асанов.

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

17.02.2026

d8n.ai официально доступен клиентам Documentolog

Сегодня мы запускаем новый этап развития экосистемы Documentolog — d8n.ai стал официально доступен для наших клиентов. И это не просто новая функция — это новый уровень работы с документами, задачами и коммуникациями.

10.02.2026

2026 жылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту: Қазақстан жұмыс берушілеріне не білу маңызды

2026 жылы Қазақстанда еңбек заңнамасының сақталуын бақылау күшейтіледі. Реттеудің негізгі құралдарының бірі — Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ), ол enbek.kz платформасында жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар қатаң әкімшілендіруге көшуде: 2026 жылғы наурыздан бастап еңбек шарттары туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ге енгізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл жұмыс берушілерге айыппұлдар мен құқықтық тәуекелдерге жол бермеу үшін кадрлық құжаттарды тіркеу және есепке алу процестерін алдын ала дұрыс жолға қою қажет екенін білдіреді.

01.02.2026

Documentolog пен Контур.Диадок Қазақстан мен Ресей арасындағы заңды күші бар трансшекаралық электрондық құжат айналымын іске қосты

Documentolog электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Ресейдегі ең ірі электрондық құжат айналымы платформаларының бірі — Контур.Диадок-пен интеграцияны іске қосуда. Жаңа функционал Қазақстан және Ресей компанияларына құжаттармен алмасуға және өз елдерінің электрондық қолтаңбасымен толық заңды күші бар түрде қол қоюға мүмкіндік береді. Бұл интеграция нарықтағы маңызды мәселені шешеді — Қазақстан мен Ресей арасында заңды әрі ыңғайлы трансшекаралық электрондық құжат айналымының болмауы.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog
ai-brain
AI.Sulu

25.02.2026 01:08

👋 Здравствуйте! Я Ai.Sulu, ИИ-ассистент Documentolog. Помогу подключиться к тарифу, разобраться в возможностях платформы или автоматизировать процессы. Что вас интересует?