Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Documentolog Business vs Documentolog Platform: қайсысын таңдау керек?

Посттар сериясында шешімдердің айырмашылықтары туралы айтып береміз және олардың қайсысы сіздің компанияңызға сәйкес келетінін анықтаймыз.
3 мин.
12.10.2022
1990
Гүлзат ТемірбаеваDigital маркетолог
"Посттар сериясында шешімдердің айырмашылықтары туралы айтып береміз және олардың қайсысы сіздің компанияңызға сәйкес келетінін анықтаймыз.

Documentolog Business - бұл сіздің компанияңыздың негізгі құжатқа бағытталған процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін жеңіл бұлттық электрондық құжат айналымы жүйесі: кіріс/шығыс/ішкі құжаттармен жұмыс, келісімшарттар мен еңбек келісімшарттарын жасау, құжаттарды сіздің контрагенттеріңізбен және ҚР мемлекеттік органдарымен электрондық заңды маңызы бар түрде алмасу. 

Қызметке кез келген компаниялар, жеке кәсіпкерлерден бастап ірі бизнес иелеріне дейін қосыла алады - себебі Documentolog Business пайдаланушылар санына шектеу қоймайды. 

❗️Маңыздысы, Documentolog Business стандартты конфигурацияда ұсынылады, жүйені сіздің талаптарыңызға бейімдеу мүмкіндігі жоқ. 

Қызмет келесі компанияларға сәйкес келеді:

? құжаттармен жұмыс істеудің негізгі процестерін электрондық форматқа ауыстырғысы келетіндерге;

? СЭД-те ешқашан жұмыс істемегендерге және электрондық форматта жұмыс істеуді сынап көргісі келетіндерге;

? СЭД-те тез жұмыс бастағысы келетіндерге, себебі тіркеу тек 5 минутты алады;

? процестерді автоматтандыру үшін әртүрлі бағдарламаларды қолданатын және тек сыртқы өзара әрекеттесуді қажет ететіндерге. 

?Ең бастысы, Documentolog Business тегін тарифке ие, ол пайдаланушыларға шектеу қоймайды, шексіз кіріс құжаттарын алуға және айына 5 құжат/келісімшартқа дейін қол қоюға және жіберуге мүмкіндік береді. 

Егер сіз әлі де қай шешімнің сізге сәйкес келетінін білмесеңіз, Documentolog Business-ке қосылыңыз, сынап көріңіз және ең жақсысын таңдаңыз.

Келесі постта Documentolog Platform шешімінің артықшылықтары туралы айтып береміз.

"
Documentolog AI Platform
Documentolog Business
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: