Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Documentolog Аванстар
Электронды түрде еңбек шарттарын жасау және Enbek.kz-пен интеграция
3 мин.
07.12.2022
5098
Documentolog шешімдерінің мүмкіндіктерін #преимущества_documentolog хэштегімен шолуымызды жалғастырамыз
Үшінші артықшылық:
Электронды түрде еңбек шарттарын жасау және Enbek.kz-пен интеграция
Documentolog шешімдерімен біздің клиенттеріміз өз қызметкерлерімен электронды түрде еңбек шарттарын жасай алады және оларды ЕСУТД-ға (Еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесі) жүйе интерфейсінен тікелей жібере алады.
Бұл не үшін қажет?
Қазіргі уақытта Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер қызметкермен еңбек шартын жасау және тоқтату туралы ақпаратты және басқа маңызды деректерді ЕСУТД-ға уақытылы енгізуге міндетті (2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VI ҚРЗ Заңы).
Заңға сәйкес, еңбек шартын жасау туралы мәліметтерді ЕСУТД-ға 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқтату туралы ақпаратты 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, шартқа өзгерістерді қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде енгізу қажет.
Documentolog арқылы еңбек шарттарын жасай отырып, біздің клиенттеріміз еңбек шартын ЕСУТД-ға тіркеу мерзімдері туралы алаңдамайды, өйткені оларды жүйе интерфейсінен бір рет басу арқылы жіберуге болады. Еңбек шартына өзгерістер енгізу туралы қосымша келісімдер де жүйеде тіркеледі.
Үлкен қағаз еңбек шарттарының мұрағаттарын сақтаудың, оларды рәсімдеуге және қол қоюға шығындалудың қажеті жоқ.
Егер сіз компанияңыздағы кадрлық іс жүргізуді артық шығынсыз қалай жеңілдетуге болатынын ойласаңыз, Documentolog Free шешімін қолданып көріңіз және қызметкерлермен еңбек шарттарын тегін жасаңыз.

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
Documentolog атауы мен фирмалық стилі пайдаланылған фишингтік хаттардың таралу жағдайлары анықталды
Мұндай хаттарда қол қоюды күтіп тұрған құжат туралы ақпарат болуы мүмкін. Хаттағы сілтеме бөгде ресурсқа апарады, онда құжаттарды көруге арналған авторизациялау беті орналасқан.
Documentolog и Xinjiang CA: взаимное признание ЭЦП Казахстана и Китая
В Урумчи подписан меморандум о взаимном признании электронных подписей Казахстана и Китая: контракты, таможенные документы и коммерческие справки без курьеров.
Утечка данных: почему журнал доступа не находит виновного
Документ открывали одиннадцать человек, все правомерно, и утёкшая копия ничем не отличается от остальных. Что меняет маркировка и как по файлу находят фамилию.