Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Барлық пікірлер

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ — пікір

30.12.2025

Пікірді ашу (PDF)

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) "Documentolog" электрондық құжат айналымы жүйесін сүйемелдеу шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін Сізге өзінің құрметін және алғысын білдіреді.

Өзара іс-қимыл кезеңінде "Documentolog Global Limited" жекеменшік компаниясының командасы консультациялық және техникалық қолдау көрсетуді, сондай-ақ өтінімдерді жедел өңдеу қамтамасыз етті.

"Documentolog Global Limited" жекеменшік компаниясы қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтеміз:

1. Баракова Айгерім, аккаунтинг жөніндегі басқарушы директор — клиенттік сервистің жоғары деңгейі, ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешуі және әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал еткен конструктивті өзара іс-қимылы үшін;

2. Макатов Фархат, 2-санаттағы техникалық маман — кәсіби тәсілі, жұмыстарды жүйелі үйлестіруі, талаптарға мұқият қарауы және процестерді сүйемелдеу мен дамыту мәселелері бойынша уақтылы коммуникациясы үшін.


"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ        А.А. Шатанов
Басқарма төрағасының орынбасары