PRO

Больше возможностей в DG Platform

Русский

KZ

Қазақша

RU

Русский

US

English

documentolog
logo

Өнімдер

Шешімдер

Клиенттер

Бағалар

Қолдау орталығы

Компания туралы

Өнімдер
Шешімдер
Клиенттер
Бағалар
Қолдау орталығы
Компания туралы

Documentolog компаниясы мемлекеттік қызметшілерді қашықтан жұмыс режиміне көшірді

14.05.2020

Осы дүйсенбіде 11 мамыр күні 2 айға созылған төтенше жағдай режимі аяқталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде тиімді және жинақы мемлекеттік аппарат құруға негіз беретін мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істеуінің табысты тәжірибесі туралы айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 15 наурызында Президент елдегі ТЖ режимінің басталуы туралы хабарлаған болатын. Карантин және қозғалысқа шектеу енгізілді. Мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері үшін жұмысты ұйымдастыру мәселесі өзекті болды. Мемлекеттің жұмысын тоқтатпай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Келесі күні, 16 наурызда Үкімет ТЖ жөніндегі шұғыл іс-шараларды іске асыру жөніндегі хаттамаға қол қойды, онда ЦДИАӨМ-ге қысқа мерзімде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қашықтан жұмысын ұйымдастыруға тапсырма береді.

ТЖ басталған сәтте жағдай келесідей болды.

Қазақстанда жалпы саны 80 000-нан астам қызметкерлері бар шамамен 1 200 аумақтық органнан тұратын 38 бас орталық МО бар. ЖАО-мен (Әкімдіктермен) бірге қызметкерлер саны шамамен 130 000 адамды құрайды. Барлық МО IBM Lotus Notes платформасында іске асырылған Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) жұмыс істейді. Өткен 10 жылда ЭҚАБЖ лицензияларын сатып алуға ғана 14 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды және шамамен 3-4 млрд теңге жүйені жыл сайын сүйемелдеуге жұмсалады. 

2013 жылы IBM бұл өнімді қолдау және одан әрі шығаруды тоқтатты. LotusNotes платформасы компьютерде қалың клиентті күрделі теңшеуді талап ететін сол уақытқа технологиялық ескірген болып шықты. Бірақ LotusNotes қалың клиентпен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қашықтан жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады.

Сондықтан қашықтан жұмысты ұйымдастыру үшін барлық орталық және аумақтық мемлекеттік органдарды интернет браузердің көмегімен құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа платформаға көшіру қажет болды. Басқаша айтқанда, жаңа ЭҚЖ қайта енгізу қажет болды. 

2020 жылғы 16 наурызда осы жобаны іске асыру үшін Documentolog компаниясының және «ҰАТ» АҚ-ның барлық ресурстары жұмылдырылды. 2020 жылғы 21 наурызда ТЖ енгізілгеннен кейін небәрі 5 күн өткен соң ЭҚАБЖ-ден алғашқы болып Documentolog платформасында Бұлтты құжат айналымына (БҚА) ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ауыстырылды. Осы ұйымдардың қызметкерлері үшін МТҚ РМК-мен бірлесіп үйден қашықтан жұмыс ұйымдастырылды. Бірінші Министрліктерді ауыстырғаннан кейін, Documentolog ЭҚЖ бастапқы кодын сканерлеу және ақпараттық қауіпсіздік бойынша рәсімдерді өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 

2020 жылдың 1 сәуіріне қарай Қазақстан Республикасының тағы 14 Министрлігі үйден қашықтан жұмысқа көшіріліп, қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 53 орталық және 29 аумақтық мемлекеттік орган Documentolog платформасындағы БҚА-да жұмыс істейді. Біздің компания жаңа мемлекеттік органдарды көшіруді жалғастыруда және өз күшімен олардың ағымдағы сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.

2017 жылдың басында "Зерде" ҰАКХ" АҚ "Бұлтты құжат айналымы" Сервистік Бағдарламалық Өнімнің жобасына бастама жасады. СБӨ-ге жобалау тапсырмасы (ЖТ) Зерде сайтында жарияланды. Бұл жоба Қазақстанның АТ компанияларын дүрліктірді. ЖТ--ға барлық пікірлер ресми түрде Зердеге жіберілді. Нәтижесінде, жобаны келісу және бекіту 1,5 жылға созылды және қорытынды нұсқа тек 19.09.2018 ж. жарияланды.

Documentolog жалпы негізде конкурсқа қатысты. Барлық міндетті процедуралардан өтті және конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 28.01.2019 ж. мемлекеттік органдардың пилоттық қосылуына жіберілді. 3 ай ішінде компания ЭҚАБЖ-дағы ағымдағы процестерді зерттеу және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқарып, ЦДИАӨМ және Астана қаласының әкімдігін Documentolog ЭҚЖ-ға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Премьер-Министрдің Кеңсесі БҚА жобасын бақылауға алды. Бірақ 2019ж. сәуір айында  Documentolog бюджетті сиквестрлеуге байланысты ҚР Қаржы министрлігі БҚА жобасы бойынша көзделген қаражатты беруді тоқтатқаны және жоба уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама алды. 

Тек ТЖ режимін енгізумен және қашықтан жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік органдардың Бұлтты Құжат айналымына көшіру бойынша тез шешім қабылдау қажеттілігімен жоба қайтадан іске қосылды. Жүйенің жеткізушісі Documentolog компаниясы болды, өйткені сол кезде екі мемлекеттік органда БҚА-ны енгізу бойынша 1,5 жылдық тәжірибесі болды. 

Осылайша, 2-3 апта ішінде ешқашан теңдесі болмаған күрделі жоба жүзеге асырылды. Бұл жоба бірегей болып табылады және біздің мемлекетіміздің цифрландыру тарихына енеді. Басқа елдердің зерттеуі үшін жақсы кейс болады деп үміттенеміз.

Соңғы жарияланымдар
Қызметте тіркеліп,
ЭЦҚ/EGOV QR арқылы
кез келген құжаттар мен
шарттарға дәл қазір тегін қол қойыңыз
Documentolog-те тіркелуПайдаланушы
Сіздің контрагенттеріңіз Documentolog жүйесінде жұмыс істей ме?
Клиенттер тізімін ашу