documentolog

О нас

logo

Documentolog серіктестік бағдарламасы

Компанияның ресми серіктесі болып, > Documentolog-пен бірге табыс табыңыз

image

Серіктестік сыйақысы

Біз серіктестеріміз үшін ең жақсы шарттарды ұсынамыз:
клиентіңіздің әрбір төлемінен сыйақы алыңыз!

DG Business
сату кезінде

Documentolog Business бұлттық шешімін сату арқасында сыйақы алыңыз

ҚР аумағында
Жылдық тарифті сату кезінде 50% дейін
Айлық тарифті сату кезінде 30% дейін
Қосымша қызметтерді сату кезінде 10% дейін
Өнім туралы толығырақ

AI Platform
сату кезінде

AI Platform
шешімін сату арқасында
сыйақы алыңыз

ҚР аумағында
Бірінші жылдағы жаңа клиенттерге серіктес сатқан лицензияларды жалға алу құнынан 20% дейін
Серіктес арқылы қызметті пайдалану мерзімін ұзарту кезінде әрбір келесі жыл үшін лицензияларды жалға алу құнынан 10% дейін
Серіктес сатқан Documentolog компаниясының қосымша қызметтері/пакеттерінің құнынан 10% дейін
Өнім туралы толығырақ

Бірден сыйақы алыңыз!

Өз атыңыздан клиентпен шарт жасаңыз, төлемді тікелей қабылдаңыз,
бізден клиент үшін тарифті сатып алған кезде өз сыйақыңызды шегеріңіз

Рефералды сілтемелер
мен төлемдерді күтудің қажеті жоқ

Серіктестік шарттары

Барлығына қолайлы қарапайым шарттар!

Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болу

Жақында Серіктестік бағдарламасы жеке тұлғалар үшін де қолжетімді болады.

12 айлық DG Business тарифін іске қосу.

Егер сіздің тарифіңіз 12 айдан кем болса, қосымша тарифті сатып ала аласыз

Қалай серіктес болуға болады?

01

Documentolog.com сайтында тіркеліңіз

Тіркелу формасын толтырыңыз: барлық қажетті деректерді көрсетіңіз.

02

Тарифті төлеңіз

03

“Серіктес болу” батырмасын басып

04

Офертаға қол қойыңыз. Серіктес кодын алыңыз

faq image
faq image
faq image
faq image

Инструменты для партнеров

Посмотрите инструменты Documentolog, которые помогут
вам запустить процесс и начать зарабатывать

icon-0

Презентации

icon-1

Пошаговые инструкции

icon-2

Служба поддержки

blinks

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім серіктес бола алады? Серіктес болу үшін не қажет?

Компанияның серіктестері ретінде:
- компанияның ағымдағы клиенттері
- кез келген заңды тұлғалар
- жеке кәсіпкерлер бола алады.
Серіктес кемінде 12 ай мерзімге қолданыстағы DG Business тарифін сатып алуы немесе иеленуі тиіс. Егер сіз тарифті бұрын немесе қысқа мерзімге сатып алған болсаңыз, ақылы тарифтің жалпы қолданылу мерзімі кемінде 12 ай болатындай ай санына тарифті сатып алуыңыз қажет.

Серіктес Documentolog шешімдерін кімге сата алады? Клиенттерді қалай тартуға болады?

Сіздің клиенттеріңіз ретінде:
- Сіз құжаттармен (шарттар, актілер, хаттар және т. б.) алмасатын контрагенттеріңіз;
⁃ Құжат алмасу процестеріне қатысатын таныстарыңыз;
⁃ Documentolog шешімдерінің тегін нұсқаларын пайдаланатын компаниялар
⁃ Және кез келген басқа компаниялар болуы мүмкін
Клиенттерді тарту үшін Сіз оларға коммерциялық ұсыныстарды электрондық пошта арқылы жібере аласыз, әлеуметтік желілерде жарнама бере аласыз, электрондық хабарламалар жасай аласыз. Жеке сайтыңыз немесе блогыңыз болса, жарнамалық баннерлерді орналастыра аласыз. Авторлық құқықты сақтау міндетті шарт болып табылады. Электрондық құжат айналымы қызметін ұсынуға арналған тендерлерге қатысыңыз. Клиентке жеке кездесу кезінде, телефон арқылы және т. б. қызмет туралы бөлісуіңізге болады. Клиенттерді тарту құралдары шектелмеген!

Серіктес сату бөлімін құрмай-ақ, Documentolog шешімдерін қалай сата алады?

Серіктестік бағдарламасына қатысу үшін сізге өз бизнесіңізде бір нәрсені өзгерту немесе қосымша қызметкерлерді жалдау қажет емес. Контрагенттеріңізге басқа компанияларбен қағаз құжат айналымын электронды түрге ауыстыруға ұсыныс жасауыңызға болады. Оларға электрондық қызмет мүмкіндіктері туралы хабарлап, ресми серіктес ретінде жеңілдік ұсына аласыз.
Сондай-ақ, сіз өзіңіздің коммерциялық ұсыныстарыңызды, жіберетін төлем шоттарын немесе хаттарды/хабарламаларды Documentolog шешімдері туралы ақпаратпен толықтыра аласыз. Бұл сізге қосымша табыс әкеліп қана қоймай, сонымен қатар сізге және сіздің клиенттеріңізге кеңсе шығындарын едәуір азайтуға көмектеседі (қағазға, картридждерге, пошта және көлік қызметтеріне), ең бастысы, құжат алмасу мен қол қою уақытын едәуір қысқартады.

Серіктестер Documentolog шешімдерінің қандай түрлерін, қандай пайда арқылы және қай елдердің аумағында сата алады?

Серіктестік бағдарламасы DG Business және AI Platform
шешімдеріне қолданылады. Серіктестік бағдарламасы арқылы DG Business шешімін сату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралады, жақын арада шетелде қолжетімді болады. Сатып алу кезінде серіктес DG Business шешіміне жеңілдік алады. Жеңілдік жыл сайын серіктестің тарифін ұзарту кезінде беріледі.
Серіктестік бағдарламасы арқылы AI Platform шешімін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қолданылады. AI Platform шешімін сатқаны үшін серіктес сыйақы алады. Сыйақы мөлшері келісімшарт сомасына, тарату аумағына және клиенттің мәртебесіне байланысты (жаңа/қайтадан клиент болған).
Серіктестік жеңілдіктері бір-бірімен қосылмайды, оларды басқа жеңілдіктермен, акциялармен, бағдарламалармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Серіктеске Documentolog шешімдерін жеке пайдалануға жеңілдік алу үшін Documentolog шешімдерін екі жаңа тұтынушыға сату қажет. Бағдарламаның шарттарымен толығырақ танысыңыз.

Серіктес тартқан клиенттің бағдарлама шарттарына сәйкес келетіндігін қалай тексеруге болады?

Клиенттің Documentolog шешімдерін пайдаланатынын тексерудің екі жолы бар:
- Documentolog шешімінің ішінде шығыс құжатты жасау процесін ашыңыз, "Алушы" өрісінде БСН немесе ұйымның атауы бойынша клиентіңізді іздеңіз.
- Біздің сайтта "Пайдалы онлайн құралдар" бөлімінде "Контрагентті табу" батырмасы арқылы сіздің клиентіңіз біздің қызметті пайдаланатындығын тексеріңіз. Тексеру.
Documentolog шешімін пайдаланып жатқан сіздің клиентіңіздің Серіктестік бағдарламасының шарттарына сәйкес келетіндігін Documentolog Business сервисінің ішінде тексере аласыз. Серіктестік жайлы офертаға қол қойғаннан кейін сізге "Клиентті тексеру" мүмкіндігі қол жетімді болады, қажетті ақпаратты толтырып, жіберіңіз. Жауап хабарламасында сіз тексеру нәтижесін аласыз.

Мен Documentolog шешімін сатып алуға клиенттің келісімін алдым, бұл туралы сізге қалай хабарлаймын?

Серіктес кодын клиентке көшіріп жіберіңіз. Серіктесіңізді растау процесін онымен бірге өтіңіз. Серіктестен Documentolog шешімдерін сатып алу ниетін тек қол қою құқығы бар ұйымның қызметкері ғана растай алады. Ол Сіздің серіктес кодыңызды Documentolog Business жеке кабинетінде "Менде серіктестің коды/ жарнамалық коды бар" батырмасы бойынша "Төлем" бөлімінде енгізуі керек. Біз бұл ақпаратты алғаннан кейін сіз клиент үшін тарифті жеңілдікпен сатып ала аласыз.
Серіктестік жеңілдігін пайдалану үшін клиент серіктес кодын енгізген күннен бастап 2 ай ішінде сатып алуды жүзеге асыру қажет. Әйтпесе, Клиент серіктестіктен босатылады. Бұл жағдайда осы Клиентті сол серіктеске қайта бекітуге жол берілмейді. AI Platform шешімін сату DG Business сатылымына қарағанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін, сондықтан бекіту мерзімі серіктестің сұранысы бойынша ұзартылуы мүмкін. Бағдарламаның шарттарын толығырақ қараңыз.

Клиент компанияның серіктесін қалай тексере алады және серіктестен тариф сатып алу келісімін қалай растайды?

Клиент белгілі бір компанияның Documentolog серіктесі екеніне көз жеткізу үшін серіктес кодын "Серіктес кодын енгізу" өрісіне енгізуі керек.
Егер аталған серіктес Documentolog компаниясымен серіктестік келісіміне қол қойған болса, онда жүйеде оның атауы көрсетіледі, басқа жағдайда жүйе клиентке ескерту хабарламасын көрсетеді. Егер жүйе код бойынша клиент таңдаған серіктестің атауын растаса және Клиент одан сатып алу туралы шешім қабылдаса, оның кодын "Растау" батырмасын басу арқылы растау қажет. Ұйымның қол қою құқығы бар қызметкері серіктес кодын қол қою құқығы бар ЭЦҚ арқылы растай алады.

Серіктес өз клиенті үшін тарифті қалай сатып алады? Келісімшарт жасасу керек пе?

Documentolog Business кабинетінде "Төлем" бөлімінде төлем шотын жүктеп алыңыз, серіктестік жеңілдігі мөлшерін есептеңіз және көрсетілген деректемелер бойынша төлем жасаңыз. Төлемді тағайындау кезінде клиенттің атауын, БСН-ін, пайдаланушылар санын және сервисті жалға алу мерзімін міндетті түрде көрсетіңіз. Серіктестік жеңілдігі/сыйақысы серіктеске клиент серіктестің кодын енгізген жағдайда ғана беріледі (Серіктесті растау).
Егер клиент серіктестен тарифті сатып алу кезінде шарт жасасуды сұраған болса, серіктес клиентпен өз бетінше шарт жасасады. Бұл жағдайда клиент пен серіктес арасындағы келісім Documentolog жүйесінде жасалуы керек.

Серіктес клиент үшін жүйе құнын қалай есептейді және коммерциялық ұсынысты қалай дайындайды?

Серіктес клиент үшін DG Business жүйесі бойынша коммерциялық ұсынысты documentolog.com сайтындағы онлайн-калькулятор арқылы жүктей алады немесе оны өзі дайындай алады. Бұл ретте клиент үшін сайтта белгіленген тарифтерден жоғары тарифтерді белгілеуге серіктеске тыйым салынады.
Егер сіздің клиентіңіз AI Platform сатып алуды шешсе, Клиент серіктеспен бірге AI Platform шешіміне коммерциялық ұсыныс беру үшін сауалнаманы толтырып, Documentolog компаниясына жіберуі керек. Біздің мамандар сізбен байланысып, жүйе құнын есептейді. Ол үшін сізге "Клиентті тексеру" формасы арқылы тиісті сұраныс жіберу қажет.

Серіктестік бағдарламасы
бойынша сұрақтарыңыз қалды ма?

Барлық сұрақтарыңызға жауап беретін
кеңес алуға тапсырыс беріңіз!