Шарттармен жұмыс
Мобильді қосымша
Үлгі бойынша шарт
Интеграциялар
QR шарт
Орындалған жұмыстардың электрондық актілері
Халықаралық ЭДО
Электрондық еңбек шарттары
Documentolog электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Ресейдегі ең ірі электрондық құжат айналымы платформаларының бірі — Контур.Диадок-пен интеграцияны іске қосуда. Жаңа функционал Қазақстан және Ресей компанияларына құжаттармен алмасуға және өз елдерінің электрондық қолтаңбасымен толық заңды күші бар түрде қол қоюға мүмкіндік береді. Бұл интеграция нарықтағы маңызды мәселені шешеді — Қазақстан мен Ресей арасында заңды әрі ыңғайлы трансшекаралық электрондық құжат айналымының болмауы.
2 мин.
01.02.2026
6579

Осы уақытқа дейін ресейлік контрагенттермен жұмыс істейтін компаниялар құжаттарды қағаз түрінде қайта рәсімдеуге, курьерлік қызметтерді пайдалануға немесе басқа елдің электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) танылмау тәуекеліне тап болатын. Documentolog-тың жаңа функционалы бұл шектеулерді толықтай жояды.
Енді пайдаланушылар:
шетелдік қолтаңба алудың қажеті жоқ, өз елінің ЭЦҚ-сымен құжаттарға қол қоя алады;
Қазақстан мен Ресей арасында құжаттарды толық электрондық форматта алмаса алады;
қолтаңбалардың жарамдылығына сенімді үшінші тараптар арқылы жүргізілетін тексеру нәтижесіндекөз жеткізе алады.
Бұл трансшекаралық өзара әрекеттестікті ішкі электрондық құжат айналымындай қарапайым әрі қауіпсіз етеді.
Интеграция барлық Documentolog пайдаланушылары үшін қолжетімді және келесі аудиторияға бағытталған:
Ресей Федерациясындағы контрагенттермен жұмыс істейтін компаниялар;
трансшекаралық қызмет жүргізетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
құжат айналымында жылдамдық, құқықтық тазалық және ашықтық маңызды бизнес үшін.
Қазақстан–Ресей арасындағы заңды трансшекаралық электрондық құжат айналымы
Құжаттар қағаз көшірмесінсіз екі тарапта да заңды түрде танылады.
Өз елінің ЭЦҚ-сын қолдану
Шетелдік электрондық қолтаңбаны алу немесе оған қызмет көрсету қажеттілігі жоқ.
Қолтаңбаларды сенімді үшінші тараптар арқылы тексеру
ЭЦҚ-ның жарамдылығы сенімді үшінші тараптар арқылы расталады.
Documentolog-тың бірыңғай интерфейсі
Кіріс және шығыс құжаттар бір терезеде, жүйелер арасында ауысусыз жүргізіледі.
Қағазсыз, поштасыз және кідіріссіз
Дәстүрлі процестерге қарағанда жылдамырақ, арзанырақ әрі қауіпсіз.
Documentolog пен Контур.Диадок интеграциясы құжаттардың барлық түрін қолдайды — келісімшарттар мен актілерден бастап шоттар, хаттар және басқа да заңды маңызы бар форматтарға дейін.
Интеграция аясында қол қойылған құжаттар толық заңды күшке ие және мыналар тарапынан мойындалуы мүмкін:
салық органдары,
соттар,
мемлекеттік қызметтер,
екі елдің басқа реттеуші және бақылаушы органдары.
Бұл компанияларға қағаз көшірмесіз және заңды жарамсыздық тәуекелінсіз трансшекаралық құжат айналымын құруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды әрі жіберу, әрі қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Контур.Диадок-пен интеграцияның іске қосылуы — Documentolog экожүйесінің дамуының маңызды кезеңі әрі нарықтың нақты сұранысына жауап.
Компаниялар күрделі рәсімдерсіз және қосымша тәуекелдерсіз заңды трансшекаралық өзара әрекеттесуге арналған тиімді құралға ие болады.
Documentolog бизнеске арналған цифрлық инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып, халықаралық серіктестік жағдайында компаниялардың жұмысын жеңілдететін шешімдер ұсынуды көздейді.
Қосылуға өтінім қалдыру: https://documentolog.com/global
Documentolog AI Platform
Documentolog Business
Халықаралық ЭҚЖ
Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тағы оқыңыз
Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады
Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.
Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.
Documentolog: клиенттердің сенімі — цифрлық шешімдердің тиімділігінің көрсеткіші
Компаниялардың алғыс хаттары Documentolog шешімдерінің сапасын және команданың кәсібилігін растайды.