Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Астана Медициналық Университетінің 300-ден астам қызметкері Documentolog СЭД пайдаланушыларына айналды

Documentolog-қа көшкенге дейін Университет тек ішкі бизнес-процестерді автоматтандырған басқа электрондық құжат айналымы жүйесін қолданған. Сонымен қатар, жеткізушілермен келісім-шарттық қатынастар, серіктестермен және бақылаушы органдармен құжат алмасу әлі де қағаз түрінде жүргізілді.

3 мин.

21.10.2021

757

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Ағымдағы жылдың маусым айында Documentolog мамандары «Астана Медициналық Университеті» АҚ-да жүйені енгізу жобасын жүзеге асырды. 

Университет еліміздің ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының үздік үш медициналық жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және АҚШ, Сингапур, Жапония, Еуропа және Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтасады.

Оқыту Жалпы медицина, Стоматология, Мейірбике ісі, Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі.

Кез келген университет үшін құжат айналымы — бұл ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуді қамтитын күрделі кешенді процесс. 

Documentolog-қа көшкенге дейін Университет тек ішкі бизнес-процестерді автоматтандырған басқа электрондық құжат айналымы жүйесін қолданған. Сонымен қатар, жеткізушілермен келісім-шарттық қатынастар, серіктестермен және бақылаушы органдармен құжат алмасу әлі де қағаз түрінде жүргізілді.

Контрагенттермен өзара әрекеттесуді оңтайландыру, құжат ағынын өңдеуді жеңілдету және құжатқа бағытталған процестерді 100% цифрландыру үшін Университет басшылығы Documentolog экожүйесіне көшу туралы шешім қабылдады.

Documentolog Platform пакеті таңдалды, соның арқасында автоматтандырылды:

- жалпы құжат айналымы (кіріс/шығыс құжаттар, ішкі құжаттар, жеке/заңды тұлғалардың өтініштері);

- келісім-шарттық қызмет;

- контрагенттермен сыртқы құжат айналымы;

- және басқа функционал.

Сондай-ақ, Университет қызметкерлеріне ҚР Ұлттық куәландыру орталығының ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қою мүмкіндігі бар Documentolog мобильді қосымшасына қол жеткізу берілді. 

Қосымша ретінде Университет өзінің кадрлық қызметін автоматтандырды: қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару, демалыс беру, іссапарға жіберу, басқа бөлімге ауыстыру және сауалнама жүргізу процестері.

«Астана Медициналық Университеті» АҚ құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Айман Қабдуғалиева енгізу нәтижелері туралы: «Электрондық құжат айналымы қағаз тасымалдағышпен салыстырғанда Университеттің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті, құжаттарды жасау және өңдеу, келісу және қол қою уақыты қысқарды. 

Сонымен қатар, ақпарат пен құжаттарды іздеу жеделдетілді, шығыс материалдарға шығындар азайды, құжаттардың жоғалуы жойылды. Құжаттармен жұмыс істеудің ашықтығы пайда болды – жүйеде құжатпен жасалған барлық әрекеттер тіркеледі. Орындаушылық тәртіп, атап айтқанда құжаттарды белгіленген мерзімде ұсыну, келісу және т.б. бойынша артты». 



Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

05.12.2025

Documentolog нарыққа D8N көп агенттігі AI платформасын шығарады - корпоративтік басқарудың жаңа стандарты

2025 жылдың 17 желтоқсанында біз Documentolog 8N AI (D8N)-ді таныстырамыз — процесстермен, құжаттармен және корпоративтік деректермен жұмыс істеу үшін біртұтас интеллектуалдық кеңістік қалыптастыратын көпагентті AI платформасы.

02.12.2025

Documentolog және UNICEF платформасын жасау туралы меморандумға қол қойды UNICEF Jastary

UNICEF Қазақстан және Documentolog сандық серіктестік туралы меморандумға 2025 жылғы ұлттық UNICEF Жастар Форумында Алматыда қол қойды. Құжатқа сәйкес, Documentolog UNICEF үшін Сандық Серіктес статусын алады және жастар үшін жаңа сандық платформа — UNICEF Jastary-ды дамытуға кіріседі.

26.11.2025

Documentolog стал стратегическим инвестором TapHR и расширяет экосистему цифровых решений для бизнеса

Documentolog становится стратегическим инвестором TapHR, одного из наиболее перспективных казахстанских решений в сфере HR-tech.